Руководство
Пернебеков Сарсен Махамбетович
Главный врачВрач хирург
Пернебеков Сарсен Махамбетович ШЖҚ «№ 3 Қалалық аурухана» МКК-ның бас дәрігері.
1992-1998 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек өтілін 1998 жылы Шымкент қалалық жедел медиицналық көмек көрсету ауруханасында анестезиолог-реаниматолог дәрігері қызметінде бастаған.
2004 жылғы 26 қазаннан бастап Шымкент қалалық жедел медиицналық көмек көрсету ауруханасында нейрохирург дәрігері қызметін атқарған.
2013 жылғы 12 тамыздан бастап Шымкент қалалық жедел медиицналық көмек көрсету ауруханасында бас дәрігердің медициналық көмек көрсету сапасын қадағалау жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2018 жылғы 11 желтоқсаннан бастап № 2 қалалық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы қызметін атқарған.
2019 жылы 28 мамырдан бастап № 2 қалалық ауруханасы бас дәрігері болып тағайындалды.
2021 жылы 7 сәуірден бастап № 3 қалалық ауруханасы бас дәрігері болып тағайындалды.
Жоғары санатты нейрохирург. 2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс нейрохирургі. 2019 жылы ҚР Ұлттық медицина ассоциациясының грамотасымен марапатталған.
Коронавирустық инфекцияны емдеуде медициналық көмек көрсеткен медициналық қызметкерлер мен санитарлық-эпидемияға қарсы жұмыстарды атқарған қызметкерлердің жұмысын ұйымдастырды. 2020 жылы Шымкент қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай — ақ, осы жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) алғыс хатымен марапатталды. 2020 жылғы 20 маусымдағы ҚР Президентінің жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
2018 — 2020 жылдар аралығында «Мирас» университетінін «Менеджмент» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі дәрежесімен аяқтады.
Контакты
ГКП на ПХВ «Городская больница №3»Адрес:
Email:
РК, г. Шымкент, ул. Амир Темура 152
rbn3@mail.ru